Жамбыл облысында 377 елді мекен цифрлық хабар таратумен қамтылған

0 5

Жамбыл облысында 377 елді мекен цифрлық хабар таратумен қамтылған. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Мақсат Қойшыбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мақсат Төлегенұлының айтуынша, Жамбыл облысында 44 цифрлық таратқыштар қосылып, 43 радиотелевизиялық станциялар салынды және жаңғыртылды. 1 млн-нан астам адам тұратын 377 елді мекен қамтылған, яғни облыс халқының 99% — ы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, Тараз қаласында 25 телеарна, ал облыс орталығынан төменірек 15 телеарна көрсетіледі. Облыс орталығында көрсетілетін телеарналардың саны 30-ға дейін арттыру мүмкіндігі бар.

Ағымдағы жылдың 26-28 қарашасы аралығында облыста эфирлік телехабар таратуға көшу жоспарланып отыр. Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданында аналогты телехабар таратылымдарды өшіру және цифрлық телехабар таратылымға көшу туралы 56 ақпараттық билбордтар және 250 флайер орналастырған.

Сондай-ақ, цифрлық телехабарлауға көшу туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі топ құрылып, нәтижесінде ол топтар 2200-ден астам адам тұратын 72 ауылдық округті аралады.

Сонымен қатар, жұмыстарды аудандық, ауылдық әкімдіктер мен оның бөлімшелерінің қызметкерлеріде осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 10864 отбасын, яғни ол 55268 адамды құрады. Оның ішінде 1955 отбасы цифрлық жабдықтарды орнатуды қажет етеді.

Жергілікті бюджеттен қажетті қабылдау жабдықтарын сатып алу үшін 14 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді. Әрбір аудан тізімдерді өзі қалыптастырады, сатып алу бойынша қажетті рәсімдерді жүргізеді және осы санаттағы тұлғаларды (АӘК) ұсынады. Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек алушы тұлғаларға 800-ге жуық отбасы орнатылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.