Елбасы бірқатар заңға қол қойды

0 0

Президент бірқатар заңға қол қойды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі 24.kz — ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Елбасы «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.