Зердеңізді дамытатын пайдалы 7 дағды

0 1

Біздің ақылымыз бұлшықет сияқты: оны дамыту үшін, үнемі жаттықтыру керек. Ал оны қалай істеу керегін кәсіпкер әрі блогер Томас Оппонг айтып береді.

1. Әуесқой болыңыз

Сіз әуесқойсыз ба? Бәріне бірдей сене бересіз бе әлде мәселенің ақиқатына жетуге тырысасыз ба? Әуесқой болыңыз, әлемнің қандай екенін біліңіз.

Оны күнделікті заттар мен құбылыстардан бастауға болады. Мысалы, нанға қандай қоспалар қосылатынын, компьютердің қандай құраушылардан тұратынын, Жердің көлемі мен ауданын, атмосфераның неден тұратынын анықтауға тырысыңыз. Бұл ойлануға болатын сұрақтардың бір қатар мысалдары ғана.

Әуесқойлық барлық данышпандардың ерекше сипаты болған. Әуесқой ақылдан жаңа ойлар жақсырақ шығады. Санаңызды ашық ұстаңыз және үнемі жаңа нәрсені білуге дайын жүріңіз.

2. Қызмет салаңызға қатысы жоқ кітаптар мен мақалаларды оқыңыз

Білім көкжиегін кеңейтуге тырысыңыз: ғарыштық саяхаттар туралы оқыңыз, қазіргі қызметіңізге еш қатысы жоқ антропология мен генетиканы оқуды қолға алыңыз.

Әйгілі өнертапқыштардың өмірбаяндарын оқыңыз. Жайлы ортаңыздан шығып, әлем жайлы танымыңызды кеңейтіңіз. Сол кезде сіздің ақылыңыз толысып қана қоймай, әңгімеңіз де тартымды бола түседі.

3. Миыңызды жаттықтырыңыз

Миға арналған дұрыс жаттығулар ақыл-ой қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары сияқты, миды жаттықтыру да зерденің дамуы үшін өте маңызды. Қарапайым жаттығулардан бастап, ақырындап күрделі жаттығуларға көшіңіз.

4. Спортпен айналысыңыз

Миға ғана арналған жаттығулар жеткіліксіз. «Дені саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған ғой. Бұл мәтелді «Дені саудың – миы сау» деп аздап өзгертуге де болады. Дене жаттығулары сіздің денеңіз үшін ғана пайдалы емес. Ғылыми көзқарас бойынша, ол қанның миға көбірек баруын және жаңа нейрондық байланыстарды ынталандыратын ақуыздардың шығуын арттырады.

5. Жаңа бірнәрсе үйреніңіз

Жаңа нәрсе үйрену – миды жақсы ынталандырады. Стив Джобстың студенттік жылдары каллиграфиямен айналысқанын есіңізге түсіріңіз. Ол Стэндфорд түлектерінің алдында сөйлеген әйгілі сөзінде: «Егер мен каллиграфия курсына жазылмағанымда, Macintosh-тың мұндай керемет қаріптер гарнитурасы болмас еді» деген болатын.

Сіз қай біліміңіздің пайдалы боларын ешқашан білмейсіз. Сондықтан жаңа нәрсе үйреніп жүріңіз.

6. Шынымен пайдалы болатын блогтарды оқыңыз

Егер сіз осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, онда мақсатыңыздың жартысын еңсеріп қалғаныңыз. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаңыз. Желіде жиі-жиі оқып тұруға болатын басқа да пайдалы мәліметтер бар.

Мақалаларды сақтап және оқып жүру үшін Pocket-ті немесе осыған ұқсас қызметтерді пайдаланыңыз. Evernote-де өзіңізге қызықты материалдардың жеке кітапханасын жасап қойыңыз..

7. Жеке блог жүргізіп және оқыған нәрселеріңіз жайлы әсеріңізбен бөлісіңіз

Жеке блог жүргізу шығармашылыққа дем береді. Бұл өзіңіз туралы айтудың мүмкіндігі ғана емес, өз ойларыңызды ұйымдастыруға көмек болады. Егер бірнәрсемен бөліссеңіз, бұл сіздің қарым-қатынас дағдыңызды жақсартады. Блог миыңызды тонуста ұстауға көмектесіп, сізді жасампаз етеді.

Бірнәрсе туралы жазған кезде, оны жақсырақ түсіне бастайсыз.

Апта сайын немесе ай сайын сол уақытқа дейінгі оқыған ең қызықты ақпараттарыңыздан дайджест (әртүрлі ақпараттардың қысқаша мазмұны) жасаңыз.

Дереккөз: bilim-all.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.