Жамбыл облысы ІІД бастығы азаматтарды қабылдады

0 10

Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басшылығының 2018 жылдың IV тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, ІІД бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев 17-қазан күні 7 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қабылдау барысында 4 азамат мал-мүлік ұрлығын ашуға көмектесуге өтініш білдірсе, 2 азамат алаяқтық дерегімен қозғалған қылмыстық істі созбалаңға салу бойынша ІІО қызметкерлерінің әрекетсіздігіне, 1 азамат конституциялық құқығының бұзылу дерегі бойынша шағым білдірді.

Барлығын мұқият тыңдаған Арман Молдиярұлы 7 азаматтың өтініші бойынша ІІД-нің басқарма бастықтарына нақты тапсырмалар берді.

Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Келесі қабылдау кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 21 қарашасында өткізіледі.

Еске сала кетейік, қазан айының 1 күні Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басшылығының 2018 жылдың ІІІ тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, ІІД бастығы А.Оразалиев 21 азаматты жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Жеке қабылдау барысында ІІД Жергілікті полиция қызметі, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларына қатысты, сондай-ақ ұрлық, алаяқтық деректері бойынша, қызметке кіру, зейнетақы тағайындау туралы және тағы да басқа сұрақтар қаралды.

Азаматтарды жеке қабылдау кезінде 5 азаматқа ауызша, 2 азаматқа жазбаша түсінік берілді, 14 азаматтың өтініші бойынша басқарма бастықтарына және ІІД бөліністеріне нақты тапсырмалар берілді. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, Арман Молдиярұлы тамыз айының 21 күні 12 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдаған болатын.

Жеке қабылдау барысында азаматтар қылмыстық істер бойынша өтініштер мен ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты шағым айтты.

Барлығын мұқият тыңдаған А. Оразалиев 1 азаматқа ауызша түсінік беріп, 11 азаматтың өтініші бойынша ІІД-нің басқарма бастықтарына нақты тапсырмалар жолдады.

Тәртіп сақшылары ІІД бастығының жеке қабылдауына Жамбыл облыстық ІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы алдын ала жазылу керектігін ескертеді.

Ескерту: ІІД бастығының және оның орынбасарларының жеке қабылдауына алдын ала құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (тел.: 99-70-34) арқылы жазылуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.