Әулиеатада тұңғыш рет «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде (ФОТО)

0 0

Дәл қазіргі уақытта Тараз қалалық «Достық» үйінде Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Фестивалдің мақсаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде Жамбыл облысының тұрғындарына арналған рухани-мәдени іс-шаралар топтамасын ұсынып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттап, құндылықтарымызды дәріптейтін көрмелер ұйымдастыру.

«Достық үйінің» бірінші қабатында Астанадан арнайы келген  иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафаның туындылары мен БАҚ жұмыс жасайтын фототілшілердің сурет көрмелері қойылған. Сонымен қатар, бірінші қабатта арнайы хештег рамкасымен «Таразға тілек» фотобұрышы ұйымдастырылған. «Таразға тілек» фотоальбомына тілек жазып, суретке түскен жандарға «Ұлы дала рухы» іс-шарасының арнайы сыйлық дорбалары (кулек) беріледі. Аталған шараға жиналған жұртшылыққа насихатшылар тобы «Жамбылдағы — Рухани жаңғыру» атты ақпараттық брошюраларын таратады.

Сондай-ақ, «Ұлы дала рухы» іс-шарасының концерттік бағдарламасы ұсынылады. Кеште «Алаш ұлы» тобы, Ғани Мәтебаев, Жазира Сметова, Ербосын Қасымбек сынды әншілер ән шырқайды. Ал әулиеаталық айтыскер ақын Нұрлыбек Құрманов пен Дархан Әбдіманаттың арасында жекпе-жек айтыс өтеді. Бұдан бөлек тараздық жас ақындар Жанғазы Ахмет, Нұрболат Жолдасбекұлы, Данияр Әлімқұл жыр сүйер қауымға өлең шумақтарын арнайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.