Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

0 0

Синоптиктер 20-22 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыста күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады.

«Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады. Ол Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық фронттармен байланысты. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым аясында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады, дегенмен оңтүстік-шығыста алдағы түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температураға дейін, яғни күндіз ауа температурасы плюс 13…20 градусқа дейін жылынады», — дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.