Тараздық журналистер республикалық турнирде ІІІ орынға ие болды

0 4

«Хабар» агенттігінің 23 жылдығына орай мини-футболдан баспасөз қызметкерлері арасында жарыс өтті. Биылғы бәсеке халық жазушысы Шерхан Мұртазаны еске алуға арналды. Шағын футбол турниріне қатысуға 30-ға тарта команда қатысуға ниет білдірген. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Биыл футбол десе, ішкен асын жерге қоятын жандар 16 команда болып жарысқа түсті. Олар 4 топқа бөлініп, ойын көрсетті. Сайыс бірден тартысты басталды. Ұйымдастырушылар мен кәсіпқой аяқдоп шеберлерінің айтуынша, доп додасы жыл санап өзінің ауқымын кеңейтіп, деңгейін артырып келе жатыр. Сөйтіп «Астана арена» стадионында БАҚ өкілдері ала допты ұршықша иірді. Қайрат

Нұрдәулетов, Ұлттық құрама бас бапкерінің ассистенті:

– Бұл турнирге бірінші рет келуім емес. Жігіттер алдында техника, тактика жағынан осал болған. Ал қазір дайындалып келгендері көрініп тұр. Турнир жалғаса берсін.

Көпшілік «Хабардың» дәстүрлі турнирін көптен күтті. Сондықтан болар, өңірлерден – Тараз, Талдықорғаннан командалар келді. Ширек финалда жеңіске жеткендер үздік төрттікті құрады. Осылайша, «ЦАИ» командасын 3:1 есебімен жеңген «хабарлықтар» финалға жолдама алды. Ал 2:1 есебімен қарсыласын қапыда қалдырған «Тараз» командасы үшінші орынға табан тіреді. Ал талдықорғандық «Тұран» командасының ойыншылары ақтық мәреде «хабарлықтарды» қапыда қалдырды. Қонақтар турнир иелерін 5:1 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Рүстем Қанапиянов, «Тұран» командасының ойыншысы:

– «Тұран» командасының республикалық турнирдегі бірінші жеңісі. «Хабар» командасының ойыншыларымен финалда жолықтық. Өте тартысты ойын өтті.

Биыл турнирде үздік ойын көрсеткен БАҚ өкілдері түрлі аталым бойынша марапатталды. Алғаш рет халық жазушысы Шерхан Мұртаза атындағы сыйлық табысталды. Айта кетейік, биыл бас жүлде иегерлері 300 мың теңге ұтып алса, екінші орынға 200 мың, үшінші орынға 100 мың теңге сыйақы берілді.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.