Жамбыл облысында «Е-қылмыстық іс» бағдарламасы жүзеге асырылуда

0 2

Жамбыл облысында «Е-қылмыстық іс» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Енді қылмысты тіркеу, сотқа дейінгі тергеу және жазаны орындау барысы енді электронды түрде іске асырылатын болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Игілігі мол жоба Елбасының елімізде цифрлы технологияларды дамыту туралы талабының аясында жүзеге асырылуда. Ол алдымен Астана қаласы мен біздің өңірде басталған болатын. Қазіргі таңда облысымызда жоба жүйелі түрде орындалып жатыр. Мәселен, бүгінде Байзақ аудандық ішкі істер бөлімшесі мен Тараз қалалық №1 ішкі істер бөлімшесі «Е-Қылмыстық іс» жобасына қажетті жабдықтармен 100 пайыз қамтылылып отыр. Ал алдағы уақытта бағдарламаны толық іске асыру үшін 60 млн теңгедей қаржы қарастылмақ.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында соттан санкция электронды түрде алынып, жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай қаралып жатқанын онлайн режімде көруіне мүмкіндік туындаған. Әрине, электронды қылмыстық істің қандай артықшылығы бар деген сауалдың тууы заңдылық. Айталық, енді қылмыстық істі бұрмалау болмайды, істер жоғалмайды және қағаз бастылық болмайды. Сонымен қатар, электронды шағымдар модулі жұмыс істеп, тараптар тергеушінің іс-әрекетіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн тексере алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.