Облыс әкімдігінде коммуналдық меншікті басқару және ішкі аудит бойынша жиын өтті

0 1

Бүгін өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен коммуналдық меншікті басқару және аппараттың ішкі аудит қызметінің 9 айда атқарған жұмысы бойынша жиын өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыста барлығы 1017 мемлекеттік коммуналдық  мекеме тіркелген. Оның 120-ы облыстық, 897-і қалалық және аудандық деңгейдегі мекемелер. Ал, 320-сы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.

Сондай-ақ, он аудан және Тараз қаласына қарасты барлығы 322, ал облыс әкімдігінің басқармаларына қарасты 90 квазимемлекеттік ұйымдар бар.

Жиында бәсекеге қабілетті  ортаға шығару  немесе жергілікті атқарушы органдарға бағынышты мекемелерді оңтайландыру бойынша 25 заңды ұйымды қысқарту бойынша ұсыныс жасалды. Бұл орайда 958,3 штаттық бірлік қысқартылып,  оңтайландыру нәтижесінде 843 366, 3 мың теңге үнемделмек.

Асқар Мырзахметов талаптарды орындамай отырған, есебі берілмеген коммуналдық меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысын сынға алып, тиісті басқарма мен аудан және қала әкімдіктері тарапынан бағалау, бақылау жұмыстары қалыпты деңгейде атқарылмай отырғандығын баса айтты.

— Бір қарағанда қатардағы дүние болып көрінеді  өз басым олай  деп ойламаймын. Өйткені, жаңа айтқандай мемлекеттік қызметтегі 3804 мың адам болатын болса, коммуналдық әр түрлі мекемеде қызметкерлердің саны одан да көп. Бюджеті де қомақты. Ал енді осы күшті, әлеуетті, мүмкіншілікті біз қаншалықты дұрыс пайдаланамай отырмыз. Олардың бәрі не степ отыр. Тиімділігі қандай. Өте маңызды ол. Жәй әшейін бір-екі кәсіп орының мәселесі болса,түсінуге болады. Үлкен күш жатыр. Ал, оның тиімділігі үлкен сұрақ, — дейді облыс әкімі. 

Басқосу барысында облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің үстіміздегі жылдың 9 айында атқарған жұмысының есебі тыңдалды. Жыл басынан бері мемлекеттік аудитпен жалпы саны 19 нысан қамтылған.

— Ішкі аудит қызметі мемлекеттік аудит қызметінің тізбегіне сәйкес аудитпен 19-обектіні қамтиды. Қамтылған қаражат көлемі 16 милиярд тенгені құрады. Аталған заң туралы жалпы соманы 1 милиярд 13 мың тенгені құраса,мемлекеттік мекемелер қаражатын пайдалану кезінде жіберген заң бұзушылықтар 296 мың тенгені құрады. Бұл жерде айта кететін жағдай 77,8 миллион тенге қалпына келтірлген, — деді облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметі бамшысының міндетін атқарушы Думан Тайлеев.

Жиын соңында облыс әкімі ішкі аудит жұмысының маңыздылығын айтып, оны барынша жандандыруды тапсырды.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.