Photoshop пайда болмай тұрып фотосуреттерді қалай өңдейтін еді

0 3

Кейбір ескі фильмдердің постерлері сондай тартымды болады. Адамдар классика актрисасының жүзіне қарап, тамсанып: «қандай ғажап, табиғи сұлулық! Терісі теп-тегіс, бет-әлпеті мінсіз, бәрі де сондай үйлесімді» дейді. Енді бірі өзінің қаншалықты қателесіп тұрғанын    аңғармастан: «бұрын фотошоп болмаған еді» дейді. Фотоаппаратты  ойлап тапқан кезеңнен-ақ фотосуреттерді өңдей бастаған. Сондай-ақ бұл үрдіс өте көп уақытты алатын еді. Классикалық Голливуд актрисалары мен богема өкілдерін мысалға ала отырып қарастырып көрейікші. Олардың өңделгенге дейінгі және өңделгеннен кейінгі фотосуреттерінің сақталғаны қандай жақсы болған.

жыл. Классикалық Голливуд актрисасы Джоан Кроуфордтың мына промо-кадрларын салыстырыңыз. Өңдеуші Джеймс Шарп Джоанның бетіндегі әжімдер мен нүктелерді, сондай-ақ басқа да кемшіліктерді білдірмей біртегіс етіп өңдеген.

1841 жылы ағылшын өнертапқышы Уильям Тальбот калотипияны — негатив (көбейтуге болатын) жасауың алғашқы әдісін әлемге ұсынды. Ол йодталған күміс сіңірілген қағазды пайдаланды. Арада бес жыл өтіп оның досы бес монахты суретке түсірді. Суретте төрт монах жақсы шықты, ал бесінші сәл алыстау және мүлде басқа жаққа қарап тұрды. Біраз ойланып, фотограф оны қара сиямен бояп тастады. Осылайша, өңдеме (ретушь) пайда болды.

Өткен ғасырдың 40-шы жылдары Америкада шығарылған «Коммерциялық мақсатта пайдалану үшін суреттерді қалай өңдеу керек» атты  кітабынан өңдеушіні көрсететін кадр.

Көп ұзамай негативтерді көптеген неміс фотографтары өңдей бастады. Бұл тапсырыс иелеріне, әсіресе әйелдер қауымына ұнайтын еді. Егер фотографтардың осы уақытқа дейін жеткен әңгімелеріне сенетін болсақ, атақты ханымдар фотографтың нұсқауларын дұрыс орындамағандықтан, суреттері жиі күңгірт тартып, кемшіл тұстары көзге ұрып тұратын болған. Өңдеме суреттегі кескіндердің артығын өшіріп, қажеттісін қосуға көмектесті. XIX ғасырдың соңғы ширегінде америкалық фотографтар да неміс әріптестерінің мысалына ере бастады, тіпті көп ұзамай негативтің түзетілуі міндетті болды.

XIX ғасырдағы суретті өңдеудің нәтижелері.Ақсүйек ханымның мойыны мен басқа да ұнамсыз тұстары ұзақ  уақыт, асқан ыждақатпен   өңделіп, түзетілген.

Тіпті газеттерде де «көпшілік өңдемемен тым әуестеніп кеткен, артық кетудің қажеті жоқ!» деп жазды. Таныс жағдай сияқты ма? Қазір де Photoshop немесе осыған ұқсас бағдарламалар туралы да дәл солай айтады. «Графикалық редакторлар адамның табиғи сұлулығын ысырып тастады, енді суреттегі адамның шынайы келбеті ме әлде оның жақсартылған нұсқасы ма түсіну мүмкін емес» деп жатады.

Бұл өңдеушінің қажетті құрал-жабдықтарының тек аз бөлігі ғана. Өткен ғасырдың 40-шы жылдарында Америкада шығарылған «Коммерциялық пайдалануға арналған суреттерді қалай өңдеу керек» атты кітабынан алынған сурет.

Уақыт өте фотографтар мен өңдеушілердің иелігіндегі құрал-жабдықтардың ассортименті бірте-бірте кеңейе берді, XX ғасырдың басынан бері оларда құрал-жабдықтардың түр-түрі болған! Арнайы үстелдер мен қармауыштар, бейнені кадрлауға және артығын кесуге арналған арнайы пышақтар, қарындаштар, бояудың көптеген түрлері, бүріккіштер, үлкейтетін әйнектер мен абсорбенттер, тіпті кейде негіз ретінде қолданылған ерекше «сағызды» да пайдаланған. Егер фотограф қателік жіберсе бұл рәзіңкені оңай қырып тастауға болатын еді.

Голливудтың гүлденуімен қоса өңдеушілердің де жұмыстары арта түсті. Оларға әр тапсырысқа бірнеше сағаттан еңбек етуге тура келді, ал жаңа фильмдердің постерлеріне және актерлер мен актрисалардың промо-суреттеріне аса қатаң талаптар қойылатын еді.

Тіпті ұлы Одри Хепберннің өзі мінсіз болмады. Оның шаштарын түзетіп, жүзін мәрмәрдай ағартатын еді.

« Breakfast at Tiffany’s» (1961) фильмінің жарнамалық плакаты үшін Одридің шаш үлгісін сәндеп, тыңдамайтын шаштарын білдірмей алып тастаған, әжімдері мен көлеңкелі тұстарын, толық бет әлпетін ағартқан. Бірінші кадрдағы белгілер өңдеушінің әсіресе қай бөліктерді мұқият  өңдеп, түзеткенін көрсетеді.

Айтпақшы, 100 жыл бұрын өңдеудің нұсқаулықтарында тым артық өзгеріс жасамаудың маңызы зор екені жазған, себебі, cурет қатты өзгеріп, көрермендерге фотосуретпен біреудің жұмыс істелгені байқалатын болса, онда бұл кадр брак деп есептелген. Бұл — бүгінгі күнге де қажетті кеңес. Фотосуреттерді өңдеу барысында шынайы өзіңізді өшіріп тастамасаңыз болғаны!

Кино түсірушілер өңдеушіге Бетти Девистің (көпшілік оны мінсіз деп санайтын) бейнесін фотосуретке көп өзгеріс жасамай, сәл ғана жұмсартуын тапсырған. Өңдеуші өз жұмысын өте жақсы орындап шыққан.

Дереккөз: bilim all

Leave A Reply

Your email address will not be published.