Таразда «Арбат» салынады

0 24

Таразда серуен құруға арналған «Арбат» көшесі болады. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, – деп хабарлайды “ZhambylNews”Ақпараттық Агенттігі.

Қазіргі таңда «Көне Тараз» кешені маңындағы алаңында төрт жақтан сағат механизмдермен жабдықталған «Сағат» стелласы құрылысы жұмыстары жүргізілуде.

Бұған қоса, Төле би даңғылының бойымен «ТаразКожОбувь» ЖШС-нен бастап «Көне Тараз» тарихи кешеніне дейін скверде қала тұрғындарының серуен құруына арналып «Арбат» құрылысы жүргізілетін болады. «Арбат» бойымен сурет галереясын, қолөнершілердің туындыларын тамашалаған қала жұртшылығы МАРТ ойын-сауық орталығына келіп, демалыстарын жалғастыру мүмкіндігі туындайды.

Сондай-ақ, «Тектұрмас» кесенесі аумағын аббаттандырылып, Талас өзенінің бойынан демалыс аумағы ашылады. Мұнда Тектұрмас пен «Көне Тараз» тарихи кешенімен байланыстыратын аспалы көпір салу жоспарлануда.

Айта кетейік, қаланың аумағын абаттандыру мақсатында, 2019 жылға да кең ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады. Олар, «Мамыр», «Түрксиб» және Тұңғыш Президент  атындағы саябақтарды қайта жаңғырту, сондай–ақ, «Тараз Арена» спорт кешенінің маңында «Даңқты спортшылар» аллеясын, және «Қарасу» алқабындағы «Жас түлектер» аллеясын, «Зербұлақ» көлінің маңын абаттандыру болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.