Таразда 1-3 градусқа дейін күн суытады

0 3

Синоптиктер ауа райы болжамын жасады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жамбыл облысында қазан айының соңғы үш күні суық болады. Түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Таразда 1-3 градусқа дейін күн суытады.

Сондай-ақ, 29 қазан мен 30 қазан күні Астанада 15-20 м/с жылдамдықпен қатты жел соғып, көктайғақ болады. Ақмола облысында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Жер бетінде көктайғақ қабаты пайда болады.

Ал еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста, оңтүстікте жауын-шашынсыз болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.