Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

0 3

Бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуі мүмкін және қарсыласы да белгілі. Бұл туралы Behind The Gloves арнасына берген сұхбатында боксшының промоутері Том Леффлер айтып берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Головкинге Британияда өтетін жекпе-жекте қарсылас жекргілікті боксшы — екінші орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері және Бүкіл әлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы Каллум Смит (25-0, 18 КО) болуы мүмкін. Финалда ол Головкиннің спарринг серігі болған Джордж Гроувзды (28-4, 20 КО) жеңген.

Сонымен қатар, Леффлер өзге британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) пен Головкин арасындағы жекпе-жек енді өтпейтінін айтады. Өйткені британиялық допинг дауына байланысты чемпиондық атағынан бас тартқан.

Айта кетейік, Головкин 2016 жылы Ұлыбританияда жұдырықтасқан, Лондонда өткен жекпе-жекте ол жергілікті Келл Брукты бесінші раундта жеңген. Британиялық боксшының командасы рингке ақ орамал лақтырған еді. Кейін Бруктың көз ұяшығының сүйегі сынғаны және оған операция қажет болғаны айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.