«7-20-25» бағдарламасының мобильді қосымшасы әзірленуде

0 4

Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасының мобильді қосымшасы әзірленуде, ол жуық арада App Store мен Play Маркет арқылы көшіріп алу үшін қолжетімді болады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің» Жамбыл филиалы директоры Евгений Шарыгин, «Банк ЦентрКредит» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры Бекдауыл Иптилдаев, “Цеснабанк” АҚ филиалының директоры Ғалымжан Доланбековтың қатысуымен өткен брифингте айтылды, – деп хабарлайды  “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінде халыққа ыңғайлы болу үшін ресми www.baspana72025.kz сайты іске қосылды, одан барлық қажетті ақпаратты алуға болады. Сондай-ақ, + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Жамбыл облысы бойынша ағымдағы жылғы 10 айдың көлемінде банк филиалдарымен 407,7 млн. теңгеге 51 өтініш қабылданып, 284,8 млн.теңгеге 33 өтініш мақұлданды. Оның ішінде: 6 заем білім саласында жұмыс істейтін жұмысшылармен, 2 – әскери, 3 – мемлекеттік орган қызметкерлерімен, 6 – медицина қызметкерлерімен, 2 – спортшылармен, 1 заем ауыл шаруашылығы саласының қызметкерімен, 1 – пошталық қызмет жұмысшысымен, 2 – екінші деңгейдегі банктің қызметкерлерімен, 5 заем жеке ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғалармен және 1 заем ХҚКО қызметкерімен алынғаны туралы ақпарат бар.

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде ЕДБ жүзеге асырылатын, жақын арада ҚТҚЖБ-дан ЖАО берілетін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғызылған «Арай» алқабындағы шамамен 100 пәтер, сондай-ақ, келесі жылы ҚТҚЖБ-дан ЖАО берілетін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғызылған 15 ықшам ауданындағы 300-ге жуық пәтер, сонымен бірге, жеке құрылыс салушылардан – 80 пәтерді бағдарлама бойынша бастапқы тұрғын үйді алуға болады.

Айта кетейік, Ұлттық Банктің Жамбыл филиалы бағдарламаның талаптарын түсіндіру барысында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциялары, брифингтер, ЖАО мен ЕДБ филиалдарының өкілдерінің қатысуымен облыстың кәсіпорындары және ұйымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.