Алдағы желтоқсан айында қанша күн демаламыз

0 2

2018 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар қосымша төрт күн, бәрін қосқанда 13 күн демалады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Today.kz сайтына сілтеме жасап. 

1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні тойланады. Ол сенбіге түседі, сондықтан демалыс күні 3 желтоқсанға ауыстырылды. Осылайша қазақстандықтар 1, 2, 3 желтоқсан күндері демалады.

16 және 17 желтоқсанда елімізде Тәуелсіздік күні тойланады. 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күні 18 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар 15, 16, 17, 18 желтоқсан күндері демалады.

Жаңа жыл төрт күн тойланады. 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін демалыс. 29 желтоқсан (сенбі) жұмыс күні, демалыс 31 желтоқсанға ауыстырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.