Қордай ауданында құны 49 млрд. 773,2 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асуда

0 5

Қордай ауданында жалпы құны 49 млрд. 773,2 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асуда. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле айтты деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл жоба 2015-2019 жылдар аралығында іске асырылады деп жоспарланған. Атап айтсақ, «Қордай сүт өнімі» ЖШС – балмұздақ шығаратын цехын кеңейту. Іске асыру мерзімі 2018-2019 жылдар, жоба құны 133 млн. теңгені құрайды. Қуаттылығы 160 тонна. Жобаның іске асыру кезінде 5 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, «GREENWILL» ЖШС — жаңа технологияларды және аквапоника жүйесін қолдана отырып, 10 гектар жер теліміне 923,0 млн. теңге қаражатқа заман талабына сай жылыжай құрылысын жүргізуде. Қуаттылығы жылына 329 тоннаны құрайтын жылыжайда салат жапырақтары (салат жапырақ түрлері Листовой, Айсберг, Рукколла) мен 41,8 тонна балық өндіру ісін қолға алып, құрылыс кезінде 20 жұмыс орынын, ал іске асу кезінде тұрақты 12 жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

Ал, үшінші жоба «Алатау Қордай» ЖШС — Қарасай ауылдық округі аумағындағы «Қырғау» алтын кен орнында 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығару кіші-зауытын салу болып отыр. Іске асыру мерзімі 2015-2021 жылдар. Жоба құны 1692,2 млн. теңге. Қуаттылығы — жылына 1500 кг концентрат өндіру. Құрылыс кезінде 45 жұмыс орны, ал іске асыру кезінде 15 тұрақты жұмыс орын ашылады.

Сондай-ақ, «Aurum Deutschland» ЖШС – тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру. Іске асыру мерзімі 2014-2021 жылдар, жоба құны 45,025 млрд. теңге, қуаттылығы — жылына 5100 кг алтын өндіру. Жобаның құрылысы кезінде 350 жұмыс орны, ал іске асыру кезінде 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Мемлекет қолдауы ретінде көлемі 130,0 га жер телімі бөлініп берілді.

Бесінші жоба — «BioVet KZ» ЖШС – GMP және GLP стандарттарына сай ветеринарлық препараттарды өндіру биокомбинатының құрылысы. Жобаның құны — 2 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2015-2019 жылдар аралығы, қуаттылығы – жылына 25 млн. доза вакцинаны құрайды. Жобаның іске асыру кезінде 55 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бұған қоса, ауданда 3 орта өнеркәсіп кәсіпорындары «Ақтас» ЖШС, «Центр Азия Голд Продакшн» ЖШС, «МВТ» ЖШС және 23 шағын кәсіпорындар жұмыс атқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.