Сәбіз шырынының 10 пайдасы

0 4

Қазіргі таңда жұмысымыздың көп бөлігін компьютердің көмегімен атқаруға тура келеді. Ал оның көзімізге, жалпы денсаулығымызға зиянды тұстарын айтпай-ақ білесіздер. Сондықтан мамандар көзімізді қорғау үшін сәбіз шырынын ішуге кеңес береді.

Ол адамның оптикалық жүйесін жақсартады. Оның құрамындағы пайдалы элементтер қанайналымды да қалыпқа келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар жүрек-қан тамыр аурулары, бүйрек, бауыр ауруларына шалдыққан кезде өте пайдалы. Дәрумен мен минералға бай және дененің күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етуде көмекші болады. Оны асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету үшін де тұтынады.

Денемізге көп жағынан пайдалы болған сәбіздің және сәбіз шырынының ең маңызды 10 пайдасы:

1) Бауыр функцияларының қорғанысы және ас қорыту жүйесінде өте әсерлі.

2) Құрамындағы Е дәруменімен қатерлі ісік ауруының алдын алады.

3) Қартаюмен байланысты шығатын ауру, сыздаулар сәбіз шырынын ішу арқылы азайтылуы мүмкін.

4) Табиғи А дәруменінің қайнар көзі болғандықтан көз саулығын, көру қуатын арттырады. Сүйекке және остеопорозға жақсы әсер етеді.

5) Құрамындағы калиймен холестеринге және гипертонияға қарсы күреседі.

6) Өт және бауыр ферментерінің жақсаруына әсер етеді. Май жиналуын азайтады.

7) Теріні жандандырады, әдемілейді.

8) Сәбіз шырыны күшті антиоксидант бета-каротеннен бай болғандықтан жасуша дегенерациясының алдын алады.

9) Біраз лимон және зәйтүн майы қосылып дайындалған сәбіз салаты немесе сәбіз шырыны зейінді ашады, ойлау қабілетін дамытып, үйренуді жылдамдатады.

10) Сәбіздің және сәбіз шырынының калориясы аз болса да қарынды тойдырады. Арықтауда және салмақты сақтауда жақсы әсер етеді. Күніне 1, 2 дана кішкене сәбіздің желінуі немесе шырынының ішілуі қарынды тоқ ұстайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.