Құтқарушылар көктайғақта қалай жүру керектігін айтты

0 0

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар көктайғақта жарақат алмай, қалай жүру керектігін айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірдегі ауа райы құбылмалы. Күндіз термометр бағаны нөлден көтерілсе, кешкісін суық болуда. Құтқарушылардың айтуынша, бұл кезеңде көшеде құлап қалып, түрлі жарақат алатындар саны айтарлықтар өсіп жатыр. Зардап шегушілер санын толықтырмас үшін бірқатар тәсілдерді білу қажет.

«Ең бірінші — өкшесі биік емес таймайтын аяқ-киім керек. Асықпай, абайлап жүру қажет. Аяқты бос ұстап, қолды еркін жіберу керек. Егде жастағы адамдар ұшы резеңкеден жасалған таяққа немесе арнайы таяққа сүйенген абзал. Егер тайып кетсеңіз — отыра қалыңыз», — деп кеңес берді СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Кирилл Иванников.

Егер сонда да тайып жығылсаңыз, сырғанауға тырысыңыз. Бұл тәсіл жерге құлағанда соққыны жұмсартуға мүмкіндік береді. Қолыңыздағы затыңызды құтқаруға тырыспаңыз. Жығылғаннан кейін бірден тұрмаңыз. Жарақат алмағаныңызды тексеріңіз.

Құтқарушылар көктайғақ кезінде шалқайып, арқамен құлаудың қауіпті екенін ескертуде. Бұлай жығылғанда бас ми зақымын алу қаупі бар.

«Көктайғақта жүріп бара жатқан көліакке жақындамаған жөн. Тротуарлар, қала көліктерінің аялдамалары, дүкенге кіретін жердегі баспалдақтар, тіпті үйдің алды — адамдардың жиі құлайтын орындары. Баспалдақпен шыққанда таянышты ұстап алыңыз. Құм төселген жерлермен жүруге тырысыңыз», — деп атап өтті К.Иванников. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.