Таразда 50 жастағы әйел газға уланып қалды

0 0

Таразда 50 жастағы әйел газға уланып қалды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін сағат 03:15-те Тараз қаласы, Мельничная көшесіндегі жеке тұрғын үйде табиғи газбен жанатын пеш түтіндігінің ақауынан 1968 жылы туылған азаматша газға уланып, ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыстың ТЖД жылыту маусымында газбен уланып қалмау және жеке тұрғын үйлердегі тұрмыстық өрттердің санын айтарлықтай азайту үшін үнемі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Соған қарамастан, пештер мен жылыту құрылғыларын тексеріп, тазалау жұмыстарына салғырт қараудың салдарынан улану оқиғалары тіркеліп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.