«Нұр Отан» партиясының хатшысы Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барды

0 5

Апта басында жұмыс сапарымен облысқа келген “Нұр Отан” партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының ХХІІІ есеп беру — сайлау конференциясына қатысқан соң, түс ауа Байзақ ауданына барды. Партия хатшысын аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев қарсы алды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қаныбек Болатбекұлы алдымен Сарыкемер мектеп — гимназиясында ашылған ІТ — сыныптың жұмысымен танысты. ІТ — сынып – «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» атты стратегиялық маңызы зор болып табылатын мектеп жасындағы балаларға арналған жоба екені белгілі. Бұл жобаның негізгі мақсаттары – жас буынды ІТ-мамандықтықтарды игеруге, жаңа технологияны өмірде қолдануға, өз бетінше бағдарлама құруға үйрету мен әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті ІТ-бағдарламашыларды тәрбиелеу. ІТ-сыныпта оқытылатын балалардың жас ерекшелігі – 8-бен 16 жас аралығын құраса, қазіргі таңда 120 оқушы білім алуда. Мұнда қажетті интерактивтік тақта, жобалаушы, аудио жүйе сияқты заманауи құрал — жабдықтармен жабдықталған.

Еркін форматта өткен кездесу барысында Қаныбек Болатбекұлы ІТ-сыныптың жұмыс бағытымен жан-жақты таныса келе, ауылды жерлердегі таланты бар балаларға нанотехнологияны меңгеріп, робототехника әлемінде жаңашылдық ашу үшін зор мүмкіндік жасалғанын жеткізді.

Бұдан соң жұмыс сапары Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан Сыдық Абланов атындағы орта мектебінде жалғасқан Қаныбек Жұмашев «English for jastar» жобасы аясында ағылшын тілін оқыту бойынша еріктілердің жұмыстарымен танысты. Жоба қолға алынғалы бергі екі айға жуық уақыт аралығында мұндағы 10,11-сыныптың 60 оқушысы ағылшын тілін жан-жақты үйренуде. Оларды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Белгиза Ахметова қосымша, сабақтан тыс уақытта ағылшын тілін меңгеруге баулуда. Хатшы Қаныбек Болатбекұлы 11 “в” — сынып оқушысы Олег Скуркинмен еркін түрде әңгімелесіп, оның ағылшын, қазақ, түрік және орыс тілдерін жетік меңгергеніне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, оқушылардың “Менің Қазақстаным” тақырыбында ағылшын тілінде ой-пікірлерін тыңдады.

“Нұр Отан” партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашевтің облыстағы жұмыс сапары сәрсенбі күні облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында орналасқан “Коворкинг орталығы”, “Бродкастинг залы”, “Цифрландырылған ақпараттық орталық”, Тараз қаласында ашылған ІТ-сынып, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында ашылған ІТ-орталық жұмыстарымен танысуға жалғасып, белсенді жастармен кездесуі жоспарланған.

Мұхтар Шалғынбай

Leave A Reply

Your email address will not be published.