Облыста 2022 жылға қарай жағдайы жақсы жергілікті жолдар үлесін 90%-ға жеткізу жоспарлануда — Жамбыл облысының әкімі

0 0

Елбасы Жолдауында айтылғандай, ішкі өңірлік жолдарды одан әрі жақсарту үшін 50/50 схемасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қосымша 2,3 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы бүгін «Орталық коммуникациялар қызметі»  алаңында өтіп баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов баяндады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өңір басшысы  50/50 схемасы бойынша облыстық және аудандық бюджеттен 4 ауданда 14 жоба іске асырылғандығын жеткізді. Бұған 500 шақырым автожолдар мен көшелер салынып, күрделі, орташа  жөндеуден өткен.

— Жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 80%-ға жеткізуді межелеп отырмыз. Бүгінгі күнге, автомобиль жолдарын түгендеу жұмыстары жүргізіліп, заңға сәйкестендірілуде. Басымдылығына қарай жолдар айқындалып, жүйелі жұмыс атқару үшін межелер бекітілді. 2019 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден 50/50 схемасы бойынша қаржыландыру үшін 11 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Осылайша, 2022 жылға қарай жағдайы жақсы жергілікті жолдар үлесін 90%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз, — деді Асқар Мырзахметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.