Жамбыл облысында 2019-2022 жылдар аралығында 134 ауыл ауыз сумен қамтылады

0
66

2019-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысындағы 134 ауылды ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Ал, жыл соңына дейін   19 елді мекен ауыз суға қол жеткізеді. Аталған мәліметті бүгін «Орталық коммуникациялар қызметі»  алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігінің Астанадағы меншікті тілшісі.

– Ауыз суға келсек, қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту көрсеткішін жылдың қорытындысымен 88%-ға жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін Тараз қаласында бірқатар жобалар іске асырылуда. Қаратау қаласында 138 көпқабатты тұрғын үйлер және 56 әлеуметтік нысандарға  су  кестемен берілуде. Жыл аяғына дейін суды тәулігімен беруді жоспарлап отырмыз. Тараз қаласында «Тараз су» мемлекеттік кәсіпорнында автоматтандырылған жүйе іске қосылды, – деді облыс әкімі.

Бүгінде облыста  373 ауылдық елді мекеннің 189-ы орталықтандырылған, 184-і орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған. 3 ауылға ауыз су тасымалданып жеткізіледі.

– Орталықтандырылған су құбыры жоқ 184 ауылдың 50-нде барлығы 7 мың адам тұрады. Тұрғындар аз болғандықтан жаңа су құбырын салу экономиқалық жағынан тиімсіз. Бұл мәселені су тарату пункттері арқылы шешуді көздеп отырмыз. Бұл жерде де, газ сияқты, ауыз су құбыры бола тұра, 50 мың халық сол құбырға қосылмай отыр. Себебі – тарифтің қымбат болуында. Ендігі жерде, бұл мәселені республикалық бюджет есебінен субсидиялау мүмкіншілігін ескеріп, құжаттар әзірленуде. Бұдан бөлек, тарифті көтермеу мақсатында, жалпы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін облыста «бірыңғай оператор» құрғалы отырмыз, – деді өз баяндамасында облыс басшысы Асқар Мырзахметов.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here