Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

0 1

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Әулиеата өңіріне келген бас мүфтиді алдымен Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қабылдады.

Кездесуде өңірде бүгінгі күні қалыптасып отырған діни ахуал, мешіт-медреселердің жұмысы сөз болды. Бүгінгі күні облыс бойынша 295 мешіт бар, онда 400-ден астам имам жұмыс істеуде. Бекболат Орынбеков, облыс əкімінің тапсырмасымен аймақта дін саласында іргелі жобалар жүзеге асырылып жатқанын, республикаға танымал теолог-ғалымдар арнайы шақыртылып, діни сауатты арттыру бағытында семинарлар ұйымдастырылғанын, дін қызметкерлерінің əлеуметтік жағдайына да көңіл бөліп жатқандығын айтты.

Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

— Расында, еліміздегі жоғары жəне орта білім беретін діни оқу орындарында Ислам бағытында ілім алуға толық мүмкіндік бар. Шетелге барып, сарсаңға түсудің қажеті жоқ. Медреселеріміз колледж деңгейіне көтерілді. «Нұр Мүбəрак» университетінде магистрлік, тіпті докторлық дəреже алып шығуға болады. Қазір біздің университетіміз бен медреселерімізді жыл сайын 500-ге жуық маман бітіріп шығады. Демек, біз небары бірнеше жыл ішінде 2600 мешітімізді дін қызметкерімен толық қамтамасыз ететін боламыз, — деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.