Аделаида Пчелинцева жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

0 1

Теміртауда жүзу спортынан Қазақстан кубогі додасы жалғасуда. Аталған сында Аделаида Пчелинцева ел рекордын жаңартты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «SPORTINFORM» САА -ға сілтеме жасап.

Ол 50 метрді брасс әдісімен 31.55 секундта жүзіп өтті.

 — Біз уақытты жақсарту үшін жұмыс істедік. Осы жарыстан соң әлем чемпионатына дайындық жалғасады. Кубоктік сында жіберген қателіктерді түзетіп, қайталамауға тырысамыз. Алдағы әлем біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетсек деген тілегіміз бар. Рекорд үшін, әрине, қуаныштымын. Өзімнің оң жамбасыма келетін әдіспен халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындадым. Бұл үлкен қуаныш. Жалпы, маусым мен үшін жаман болған жоқ. Енді тұңғыш рет ересектер арасындағы әлемдік сынға қатыспақпын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік, — дейді Пчелинцева. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.