Қазақтың ескі әндері мен күйлері аудиомұрағатқа топтастырылды

0 21

Қазақстанның Ұлттық музейінде «Қазақтың музыка өнері» аудиомұрағатының салтанатты тұсаукесері өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі  BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл дыбыстық ресурстың мақсаты – ескі дыбыстық жазбаларды түпнұсқалық дыбыста сақтап өскелең ұрпаққа мирас ету, оны жас өнер шеберлерінің пайдалануына мүмкіндік беру, сондай-ақ ғылыми айналымға енгізу.

Ұсынылған аудиомұрағаттан көне әрі заманауи күйлер мен әндерді тауып, тыңдауға болады. Болашақта халықтың сүйіктісіне айналған орындаушылардың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармаларын жазып, өңдеп, көпшілікке ұсыну жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.