Биылғы қыс ұзақ әрі қатты болады: Ауа райын болжаушы өз тұжырымын айтты

0 6

Биылғы қыс жылдағыға қарағанда ұзақтау болады. Бұл туралы ауа-райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбай «Замана» басылымына берген сұхбатында мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Болжамшының сөзіне сүйенсек, қараша айының соңына қарай таулы өңірлерде жаңбыр жиілеп, оның соңы қарға ұласады. Ал одан кейінгі қыс мезгілі жылдағыға қарағанда ұзақтау әрі қатты болмақ.

«Қыста ауа райы қалай болатынын жаздағы өткен аптап ыстықтардың 6 ай 6 күннен кейін суық болып оралатынымен есептедім. Жаздың ұзақ болғанын, жылы күндердің қазан айына дейін созыл­ғанын ескерсек, қыстың ұзақтау болуы әбден мүмкін», – дейді ол.

Оған қоса Нұрғабыл Қозыбай жақын жылдары құрғақшылық болмайтынын ескеріп, шаруаларға бидай егістігін қолға алуға кеңес берді.

Қазақтың ежелгі тәмсілдеріне сүйене отырып, ауа райын болжайтын азамат алдағы үш жыл ауыл шаруашылығын, әсіресе егістікті өркендетуге өте қолайлы дегенді айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.