Бас мүфти Жамбыл облысының имамдарымен кездесті (ФОТО)

0 0

Бүгін бас мүфти Серікбай қажы Оразов «Һибатулла Тарази» мешітінде Жамбыл облысының имамдарымен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесу барысында өткен аптада басталған аттестацияның қорытындысы талқыланды.

— Жастарымызды шариғат мәселесіне насихаттау біздің міндетіміз. Сол себептен имамдар білімдерін одан әрі шыңдауы керек. Жүріс-тұрысымыз, киім кию әдебіміз барлығына көңіл бөліп, келешек ұрпаққа үлгі болайық, — дейді Серікбай қажы.

Жиын соңында өңір имамдары көкейдегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.