Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS аккредиттеуінен өтті

0
38

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS аккредиттеуінен өтті. Бұл туралы “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

2015 жылы Тараздық Зияткерлік мектеп Халықаралық Мектептер Кеңесінің мүшесі мәртебесін алды. 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында әлемнің әр елінен тоғыз тәуелсіз сарапшы Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келген болатын. Командалық сапардың қатысушылары қызметкерлермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесулер өткізіп, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын бағалады, жалпы мектеп қызметіне жеті басым бағыт бойынша талдау жасады.

– CIS қоғамдастығына кіру біздің алдымызда дамудың кең перспективасын ашады, сонымен қатар, мектептің үнемі өзін – өзі жетілдіріп отыруын талап етеді, – деп атап өтті мектеп директоры Талғат Байназаров.

Халықаралық Мектептер Кеңесінің командалық сапары мектеп мерейтойын тойлаумен тұспа-тұс келді. Шетелдік қонақтар мектептің 5 жылдығына арналған “Бес жылдың белесінде” атты гала-концертте дарынды оқушылардың өнерін жоғары бағалады.

Маған сәтті оқытудың маңызды аспектісі болып табылатын мектептегі жылы және жайлы атмосфера өте ұнады. Кез-келген уақытта кез-келген адамға көмек көрсетуге дайын, жауапты және ашық оқушыларды көргеніме қуаныштымын. Біз оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу кабинеттерінің жабдықталу деңгейін жоғары бағаладық, – деді комиссия төрағасы Патрисия Мертин.

Еске сала кетейік, Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп 2013 жылдың 4 шілдесінде ашылды. Бес жыл ішінде мектепті 400 түлек бітіріп шықты. 2017-2018 оқу жылында 158 түлектің 147-сі мемлекеттік грантқа ие болды. 44 түлек Назарбаев университетіне түсіп, 15 түлек жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында шақырту алды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here