Облыста 138 көше мен елді мекеннің атауы ауысады

0 6

138 көше мен елді мекеннің атауы ауысады. Ұсыныстар Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысында қаралды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл мамандары қатысты.

Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселесі бойынша аудан әкімдіктерінен түскен 138 ұсыныс қаралып, аудан әкімдері орынбасарларының хабарламалары тыңдалды. Олардың ішінде Байзақ ауданынан – 2, Жамбыл ауданынан – 46, Меркі ауданынан – 2 елді мекен, 2 көше, Сарысу ауданынан – 3, Шу ауданынан – 83 көшелердің атауы қаралып отыр.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласындағы ономастика мәселесі жөніндегі жұмысшы топтардың жұмыстарына жүргізілген зерделеудің қорытындысы да осы жиында баяндалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.