Таразда жалғызбасты анаға жаңа пəтер берілді

0 1

Таразда күміс, алтын алқа иегері, жалғызбасты, сегіз баланың анасы Айгүл Əмірееваға жаңа пəтер берілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары аясында Тараз қаласында сегіз қыз баланы дүниеге əкелген Айгүл Əмірееваға пəтер кілтін табыстады.

«Құтты қоныс болсын. Алла Тағала осы шаңырақтың ішін жақсылық пен берекеге толтырғай», — деп дұға жасады Бас мүфти.

Батыр ана қайырымдылық жасаған жомарт жандарға алғысы мен жүрекжарды тілегін жеткізді.

Айта кетейік, жаңа пəтер «Зекет» қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.