Облыстық қазақ драма театрында «Құс жолынан жыр төктім» атты поэтикалық кеш өтеді

0
26

Бүгін сағат 17.00-де  Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, театр директоры, ақын, жазушы-драматург Болат Бекжановтың 60 жас мерейтойына арналған «Құс жолынан жыр төктім» атты поэтикалық кеші өтеді. Бұл туралы “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Мерекелік кеш бағдарламасы бойынша сағат: 17.30-18.00 аралығында автордың алты томдық кітабының тұсаукесері өтеді. Ал сағат: 18.00-19.30 аралығында «Құс жолынан жыр төктім» атты  кеш иесі Болат Бекжановтың шығармашылығы бойынша поэтикалық қойылым болады.

Поэтикалық кешті тамашалауға келіңіздер!

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here