Өңірдегі 12 ІТ сыныпта 1300 оқушы білім алуда

0 0

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев Жамбыл облысында жұмыс сапары барысында өңірдегі оқу орындарда ашылған ІТ лицей-интернат, ІТ орталық пен ІТ сыныптарды аралады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

ІТ сыныптар – «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ сынып ашу» атты стратегиялық маңызы зор болып табылатын мектеп жасындағы балаларға арналған жоба екені белгілі. Бүгінде облыс бойынша ашылған 12 ІТ сыныпта 8-16 жас аралығындағы 1300 оқушы білім алуда.

Сапар барысында Қаныбек Бекболатұлы облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында еркін форматта белсенді жастармен кездесті. Сондай-ақ «English for jastar» жобасы аясында ағылшын тілін оқыту бойынша еріктілердің курстарында болды.

Сонымен қатар, ІТ сыныптардың жұмыс бағытымен жан-жақты таныса келе, оқушы балаларға нанотехнология мен робототехника әлемін меңгеруге мол мүмкіндік жасалғанын, сол мүмкіндікті пайдалану қажеттігін айтты

Leave A Reply

Your email address will not be published.