Тараздық талантты әнші дертке шалдықты

0 0

Тараздық жас әнші, халыққа “Жұлдыздар фабрикасы” жобасы арқылы танылған Дәулет Болатов ауыр дертке шалдықты. Өнер иесіне халықтың көмегі қажет, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Дәулетке мойын бөлім омыртқасының С5-6-7 дискісінің кифоз ауруы бар орталық грыжа диагнозы қойылған. Жас өнер иесі елден көмек сұрағысы келмеген. Алайда оның жағдайынан хабардар болған фанаттары желіден арнайы парақша ашып, өздерін қолдауды сұрап отыр.

“Дәулетке дәл қазіргі уақытта руxани және материалдық қолдау қажет. Өзі материалдық көмекті қаламаса да, шамамыз келгенше көмек көрсетуге тырысайық Керек қаражат мөлшері: емін санамағанда – нақты диагноз қою үшін 11 000$ – 20 000$ арасында қаражат қажет”, – делінген Дәулеттің фан-парақшасында.

Дәулетке қаражат аудару үшін қажетті реквизиттер:

Каз Ком-Халық банк: 4003 0327 2713 1445
ИИН: 941110300125
KZ876017523000083060
Дәулет Болат
Qiwi: +77079929094

Айта кетейік, Дәулет Болатов Тараз қаласындағы қазақ-түрік лицейінің түлегі. Қытай мемлекеті, Guandong провинциясы, Guanjou қаласындағы “Jinan” университетінде білім алған. Ресейлік “Жұлдыздар Фабрикасы” жобасына қатысып, ақтық мәреге жетіп, жүлдегер атанған.

Баян Алагөзованың “Саз Әлемі”жобасында, “Әгугәй” әнімен “Жылдың үздік әні” номинациясын жеңіп алған.

Қазақ xалқының жарық жұлдызы Қайрат Нұртаспен бірігіп, Қазақстанның барлық қалаларын аралап концерттік тур жасаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.