Денис Ұланов ресми түрде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

0 2

Қазақстандық ауыр атлет Денис Ұлановқа Ашхабадта өтіп жатқан Әлем чемпионаты барысында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды. Олимпиада жүлдесін отандасымызға Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аянның өзі табыстады. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі Qazsport телеарнасы сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Денис Ұланов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, төртінші орыннан көрінген болатын. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық ауыр атлет 390 келі еңсерген еді. Сол жарыста румыниялық Габриель Синкарян отандасымызбен бірдей нәтиже көрсеткен. Бірақ, румын спортшысы салмағының жеңілдігіне байланысты үшінші орынды иемденген еді.

Кейін Синкарянның Олимпиада ойындарында тапсырған допинг сынамасы оң нәтиже беріп, ауыр атлет спорттан шеттетілді. Оның Олимпиададағы көрсеткіші жоққа шықты. Осылайша, қола медаль ресми түрде Денис Ұлановқа табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.