Келіссөздер басталды: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

0 0

Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін, болжам бойынша, 2019 жылдың мамырында өткізеді. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Дүниежүзілік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы Каллум Смиттің промоутері Эдди Хирнмен келіссөздерді бастады. Биылғы жылдың қыркүйегінде WBA Super чемпионы атағын жеңіп алған Смит, 2019 жылдың мамыр айында Геннадий Головкинге қарсы рингке шығуы мүмкін, — деп хабарлады Sports.kz.

Спортшылардың промоутерлері бұл жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келіссөздерді ұзақ уақыттан бері жүргізіп келе жатқанын Talksport.com басылымының журналисі Майкл Бенсон твиттерде жазды.

Ол сондай-ақ, жекпе-жек Ұлыбританиядағы «Энфилд» стадионында өтетінін атап өтті, онда боксшылар екінші орта салмақта WBA және The Ring журналының титулдарын сарапқа салады.

Атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2018 жылдың 16 қыркүйегінде Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеннен кейін барлық белбеуінен айырылды. Жекпе-жек Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.