Жамбыл облысында Болат Бекжановтың 60 жас мерейтойы тойланды

0 5

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, театр директоры, ақын, жазушы-драматург Болат Бекжановтың 60 жас мерейтойына арналған «Құс жолынан жыр төктім» атты поэтикалық кеші өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, Қазақстанның Халық әртісі, актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Халықаралық әдеби “Алаш” сыйлығының лауреаты, ақын Бауыржан Жақып, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор, Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы “Абайтану” ғылыми орталығының директоры Жанғара Дәлдебаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан республикасының “Намыс” орденінің иегері, ақын Рафаэль Ниязбеков, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айша Көпжасарова, автордың алты томдық кітабының демеушісі, Алматы “Нұрлы Әлем” баспасының директоры, композитор Жарылқасын Дәулет және жамбылдық өнер сүйер қауым қатысты.

Театр сахнасында болған «Құс жолынан жыр төктім» атты поэтикалық қойылымда Болат Бекжановтың өлеңдеріне жазылған белгілі сазгерлердің әніне, автордың өз әндеріне кезек берілді.

Сондай-ақ, театр актерлері Болат Бекжановтың шығармашылық өнер жолын бейнелейтін сахналық қойылым көрсетті.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп, мерейтой иесіне құрмет грамотасын табыс етті.

Кеш соңында зиялы өкілдер жазушыға  шапан жауып, Қонаев атындағы республикалық қордың  «Қонаев» медалін тақты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.