Қазақстандық самбошы әлем чемпионы атанды

0 3

Қазақстандық самбошы Нұрбол Серіков Румыния астанасы Бухаресте ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтем жасап.

Дүниежүзілік доданың алғашқы күні қарсылас шыдатпаған Нұрбол 68 кг салмақта  финалда Әзербайжан елінің өкілі Эмиль Хасановпен кілемге шықты. Аса тартысты белдесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Дегенмен соңғы ұпайды қазақстандық палуан алғандықтан, жеңіс Нұрболға берілді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, 25 жастағы Нұрбол Серіков 1993 жылы Қазталов ауданы Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Алғашқы бапкері — Жеңіс Стамғазиев.

Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының түлегі Н.Серіков қазіргі кезде Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райбек Меңдіғалиевтің қол астында дайындалып жүр.

Айта кетейік, Бухарестегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында БҚО-дан Темірлан Көлбай (+100 кг), сондай-ақ әскери самбодан Қазбек Сұпығалиев (62 кг) пен Темірлан Ихсанғалиев (82 кг) кілемге шығады. Әлем біріншілігі 11 қараша күні мәреге жетеді.

Айта кетейік, алдағы аптада самбо күресінің шыққанына тура 80 жыл толғалы отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.