Елімізде қандай мамандықтар сұранысқа ие

0 10

Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту орталықтарына келетін азаматтар көптеп жұмысқа тұратын мамандықтардың ондығы белгілі болды. Бұл туралы  «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандықтар мен 2018 жылдың 9 айындағы еңбек нарығы бойынша зерттеуді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жүргізген. Орталықтың зерттеуінің нәтижесіне қарағанда, халықты жұмыспен қамту орталықтарына келетін азаматтар көп жағдайда күзетші, тәрбиеші және кеңесші-сатушы жұмысына орналасатын көрінеді.

Жұмыс берушілер тарапынан ең жоғарғы сұранысқа ие мамандықтардың қатарына әртүрлі жұмыс атқаратын адам, слесарь және әлеуметтік жұмыскер жатады. Сонымен бірге, жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие 7 мамандықтың ішіне қосалқы жұмысшы, мұғалім, тазалықшы, жүргізуші, медбике, күзетші және санитар енеді.

Жетіспеушілігі көптеп сезілетін мамандықтардың көш басында қосалқы жұмысшы мамандығы тұр. Ол мамандық бойынша 20522 бос жұмысы орыны бар. Сонымен бірге, олардың қатарына күзетші (3953), медбике (3683), санитар (2531), автокөлік жүргізушісі (2322), нысанды тазартушы (2273), жүргізушінің көмекшісі (2135), жүк көтеруші (1864), өндірістік және қызметтік бөлмелерді тазартушы (1733), жалпы тәжірибедегі дәрігер (1677) де жататын көрінеді.

Ал сұранысы төмен мамандықтарға заңгер (1510 бос орын), техник-программист (706), қаржыгер (570), жалпы профильді экономист (558), тұрғылықты мекендерді абаттандыратын жұмысшы (487), курьер (428), жалпы профильді техник-технолог (344), заңгер-кеңесші (219) жатады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.