Білім мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы пысықталды

0 11

Ағымдағы жылы 7 қараша күні Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Б.Әлпеисов және облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова Т.Рысқұлов ауданында білім мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Жиын барысында аудандық білім мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Аудандағы 39 мектептің 14-і ыңғайластырылған, 25-сі типтік ғимаратта орналасқан. Барлық білім беру мекемелері техникалық паспорт алу үшін отжағушылар мен операторлар арнайы оқу курсынан өтіп, әр операторға арнайы куәліктер берілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының білім саласындағы басым бағыттары түсіндірілді. Аудандық білім мекемелерінің басшыларымен өткен жиында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жайлы талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.