Тараздық қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

0 5

Таразда жалғызбасты, қарттар үйінде тұратын 100 ата мен әжеге арнайы дастархан жайып, кеш ұйымдастырды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қайырымдылық кешке қарттар үйі мен мүмкіндігі шектеулі  және аз қамтылған отбасынан 100 ата-әже шақырылды.  Жүректі нұрға бөлейтін басқосу шаһардағы «Тараз қайырымды жандар» атты еріктілер тобының 2 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жалпы бұл кешті өткізу үшін еріктілер тобы құны 3 мың теңге болатын 200 билет сатқан көрінеді. Яғни,  кешке 200 билеттің иесі қонақ ретінде шақырылған. Нәтижесінде, мейрамханаға 300 орынға арнап дастархан жайыпты. Ал  іс- шараның мақсаты — қарттарға естен кетпес кеш сыйлап, бір сәтке болсын көңілдерін көтеру.

Жандос Бауыржанұлы — Еріктілер тобының жетекшісі

— Бүгінгі мақсатымыз 100 ата-апаларымыздың көңілін бір сәтке болсын көтеру.

Көтеріңкі көңіл мен ниетке риза болған қарт аналарымыз бен аталарымыз ризашылықтарын жеткізді. Көңілдері марқайғаны жадыраған жүздерінен сезіліп-ақ тұр.

Сонымен қатар, еріктілер тобы аталарымыз бен әжелерімізге ақ тілектерін арнады. Шара соңы  қала өнерпаздардың  концерттік бағдарламасына ұласты.

Дереккөз: jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.