Жамбылдық медициналық ұйымдарға халыққа қызметі үшін 34 млрд. теңгеден астам қаржы төленді

0 0

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы 2018 жылдың 9 айында облыстың медицина ұйымдарына халыққа көрсетілетін медициналық қызметтері үшін 34 млрд. теңгеден астам қаржы төледі. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Бұл қаражат Әлеуметтік медиициналық сақтандыру қорымен мемлекеттің Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыру шеңберінде төленді.

«2018 жылы Медициналық сақтандыру қорымен Жамбыл облысының медицина ұйымдары арасында жасалған шарттардың жалпы сомасы 45,5 млрд. теңгені құраған. Осылайша, бүгінгі таңда келісімшарттардың жалпы сомасының 74,7% төленді», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 88 медицина ұйымдары қордың жеткізушілері болып табылады, оның 47-і жекеменшік. Қордың барлық жеткізушілер тізімін fms.kz сайтында «Клиниканы таңдау» бөлімінен алуға болады. Онда сіз аймақ бойынша ғана емес, ұсынатын медициналық көмек түрлері бойынша қажетті ұйымды көріп және таңдай аласыз.

Бүгінгі таңда жалпы Қазақстан бойынша Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1374 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 638-і – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 177-ге артқан. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе өсіп, 125,1 млрд теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.