Жамбыл облыстық сотында жаңа қазақ әліпбиінің емле ережесі түсіндірілді

0 0

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Жамбыл облыстық сотымен бірлесе отырып, үстіміздегі жылы 14 қарашасында өтетін Республикалық жалпыхалықтық диктант жазуға дайындық мақсатында жаңа әліпби негізінде әзірленген емле жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Балмира Мырзабаева қатысушыларды латыннегізді әліпбиге негізделген емле жобасының негізгі жаңалықтарымен таныстырып, әдістемелік көмек көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.