Мойынқұмда 9 адам ұсталып, 8 қару тәркіленді

0 6

Заңсыз аң аулаумен айналысып келген бұл азаматтарды Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жанынан құрылған «Жануарлар әлемін қорғау бойынша мамандандырылған жедел қызмет» мамандары анықтаған. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Мойынқұм ауданындағы «Андасай» қорығына жасалған рейдтік іс-шара барысында 6 құқық бұзушылық анықталып, ұсталған 9 адамнан 8 қару тәркіленген.

Броконьерлікпен  айналысқан азаматтар бойынша барлық мәліметтер аудандық ішкі істер бөліміне жолданыпты. Рұқсат етілмеген аумақта аң аулағандарды 70 АЕК, яғни 160-170 мың теңге көлемінде айыппұл күтіп тұр.

Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен құрылған жануарлар әлемін қорғау бойынша мамандандырылған жедел қызметтің іске кіріскеніне көп уақыт болған жоқ. Соған қарамастан, соңғы 2 айда броконьерлік бағыттағы 17 құқық бұзушылық анықталып отыр.

Өңірдегі аң атуға тыйым салынған 4 табиғи қорық бар. Оның 2-і республикалық және 2-і жергілікті меншікте. Аң аулауға тыйым салынған аумақтың тыныштығын осы бөлімдегі 11 адам қадағалайды.

Алдағы уақытта табиғат қорғаушыларының санын арттыру жоспарда бар.

Дереккөз: jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.