Тараздық жастар салауатты өмір салтын таңдайды

0 0

«Есірткіге жол жоқ». Осындай атаумен Таразда 400-ге жуық студент қатысқан  спартакиада өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облысы Білім басқармасының ұйытқы болуымен өткен шараға түрлі сала мамандары қатысып, білімгерлерге  дәріс оқыды.

Аталған спартакиада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, есірткі және психоактивті заттардың адамның денсаулығына да, болашағына да зиян екені кеңінен айтылды.

Сондай-ақ, есірткінің адам ағзасына әсері жайлы бейнефильмдер көрсетіліп, психологтар кеңес берді. Сонымен бірге, кинолог мамандардың жұмыс үрдісімен таныстырды. Осылайша, сананы сергіткен жастар тәнді шынықтыру үшін спорттық сайыстарға түсті. Командалар футбол, баскетболдан тартысты ойындар өткізсе, ойлылар  шахмат тақтасында кездесті.

Өткізілген шара нәтижесінде, колледж білімгерлері салауатты өмір салтын сөзбен ғана емес, іспен де қолдайтынын көрсете білді.

Дереккөз: jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.