Облыста медиация кабинеті ашылды

0 0

Бүгін Жамбыл облыстық Кәсіподақтар үйінде облыстық соттың басшыларының және медиация тақырыбымен белсене шұғылданатын азаматтардың қатысуымен Медиация орталығы ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Орталықтың ашылу рәсіміне азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, облыстық соттың судьясы Динара Нұрлыбаева, аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Іс-шара барысында «Жамбыл облысы кәсіподақ орталығы» мен Жамбыл облысы әкімінің апаратының «Қоғамдық келісім» КММ «Тараптар» деп аталатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ағымдағы жылы 29 185 азаматтық іс аяқталған. Оның ішінде медиация тәртібінде 891 азаматтық іс қаралған.

Қазіргі таңда Жамбыл облысының соттарында 16 медиация кабинеті және аудандық әкімдіктер мен «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан халқы өңірлік Ассамблеясының Достық үйінде  де жұмыс істейді.

Медиация (лат.тілінен mediare – делдалдық ету) — өз ерікті келісімі негізінде үшінші бейтарап әділ тарап — медиатордың (делдалдың) көмегімен олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында дауларды соттан тыс шешу түрі.

Медиация тәсілдері, ең алдымен, ынтымақтастық арнасында келіссөздерді жүргізуге арқа сүйейді. Медиация – бұл келіссөздер процесі, мұнда делдал- медиатор ұйымдастырушы болып келеді және тараптар тиімді шындыққа негізделген және екі жақтың да мүддесін қанағаттандыратын келісімге келетіндей келіссөздерді басқарады, оны орындау нәтижесінде тараптар өздерінің арасындағы жанжалдарды реттейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.