«Қорғаста» бекеттен өтетін қол жүгінің салмағы екі есеге азаяды

0 0

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 1 қаңтардан бастап еліміздегі кеден бекеттерінен өтетін қол жүгінің салмағы 2 есеге дейін азайтылып, 25 келі болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА «Алматы»телеарнасына сілтеме жасап.

Алайда, телеарнадағылардың мәліметінше, бұл кедендерде жалданып тауар алып өтуге тырысатын делдалдардың күрт көбеюіне итермелеуі мүмкін. Шекара бақылаушыларының сөзіне сүйенсек, қазірдің өзінде «Алтынкөл» кеден бекетінде кептелген саудагерлердің ұзын-сонар кезекке тұрып, тіпті өзара жаға жыртысуына сол жалдамалы жұмысшылар себепкер.

Мысалы, «Алтынкөл» кеден бекетінде арзан тауар іздейтіндер көп екені айтылады. Өткен сенбіде ғана 5800-ге жуық адам кеден арқылы «Қорғас» сауда аймағына өткен. Бірақ олардың бәрі алыстан арнайы келген турист емес. Кеден асатындардың басым бөлігі — салықсыз тауар алып шығуға жалданған жергілікті делдалдар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.