ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысты

0 0

Таразға жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл политехникалық  жоғарғы колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Оқу ордасы 1560 орынға арналған. Мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін колледжде 2 оқу, өндіріс кешені, 420 орындық  екі жатақханасы, 74 оқу кабинеті, 15 компьютерлік класс, 21 оқу шеберханасы, 11 зертхана, 3 спорт залы, 2 спорт алаңшасы, кітапхана, оқу және акт залдары бар. Барлығы 586 адам еңбек етеді. Оның ішінде педагогикалық құрам – 313. Бұл туралы облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова баяндады.

Айта кету керек, аталмыш оқу ордасы осы жылдың қыркүйек айында Жамбыл политехникалық және Тараз химия-технеологиялық колледждерінің біріктірілуі аясында қайта жасақталып, өз жұмысын жалғастыруда.  Еліміздегі сапалы әрі білікті мамандар даярлауда «Кәсіпқор» республикалық холдингінің 10 жетекші колледжі қатарына енген.

Аталған колледждің оқу шеберханасы фойесінде  Премьер-Министр назарына «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өңірдегі  орындалу  барысы бойынша әзірленген презентация ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.