Қазақстаннан Ресейге қосымша төрт әуе бағдары ашылады

0 0

Ресейлік «Уральские авиалинии» компаниясы Қазақстаннан Ресейге дейін 4 әуе бағдарын ашуды көздер отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпарат— қа сілтеме жасап.

«2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы навигация кезеңінде ресейлік «Уральские авиалинии» компаниясы Қазақстан мен Ресей арасындағы 4 әуе бағытын ашып, A319, A320, A321 әуе кемелерін ұшыруда жоспарлап отыр», — делінген комитеттің хабарламасында.

Атап айтқанда, ресейлік компания Жуковский-Алматы-Жуковский бағдары және Санкт-Петербург-Алматы-Санкт-Петербург бағдары бойы ұшақ шығармақ.

Сонымен бірге, компания Жуковский-Шымкент-Жуковский әуе бағдарын 4-21 желтоқсан аралығында аптасына 2 рет және осы жылдың 24 желтоқсанынан 2019 жылдың 24 наурызына аптасына 5 рет ұшырмақ.

Төртінші бағдар бойынша тағы бір ұшақ Санкт-Петербург-Шымкент-Санкт-Петербург бағытында аптасына бір рет ұшырылады.

«Бірінші бағыт бойынша «Уральские авиалинии» әуе компаниясы ұшуға рұқсат алды. Қалған бағыттар бойынша үйлестіру жұмыстары жүруде және кейбір кестеге түзетулер енгізілуі мүмкін», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.