Облыста биыл 531 өрт оқиғасы тіркелген

0 0

Облыста биыл 531 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында облыстық ТЖ департаментінің Өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығы Мақсат Әкімбаев, Кадр жұмысы бөлімінің бастығы Назира Турабекова және Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Алмаз Жұматаевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлер атап өткендей, жыл сайын облыс бойынша орта есеппен 700-ге жуық өрт тіркелген, оның ішінде 100-ден астамы балалардың отпен ойнауынан болады. Соңғы 4 жыл ішінде өрт кезінде 51 адам қаза болды, оның ішінде 11 балалар.

Ал, өрт санының басым бөлігі тұрғандардың отты пайдаланудағы абайсыздығынан 847 жағдай, электр қондырғыларын техникалық пайдалану және монтаждау ережелерін бұзу 834 жағдай, балалардың отпен ойнауы 432 жағдай, қасақана өртеу 270 жағдай, жылыту пешін қолдану және орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу 201 жағдай орын алған. Жалпы, жүргізілген профилактикалық және бақылау іс шаралары нәтижесінде 2015 жылдан бастап бақылаудағы объектілерде өрт саны орта есеппен алғанда 50 % төмендеді.

Яғни, соңғы 2 жыл ішінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт кезіндегі іс қимылдар бойынша 1,5 мыңнан астам нұсқаулық өткізіліп 40 мыңнан астам мұғалімдер мен оқушылар қамтылды. Балалардың қауіпсіздік салт дәстүрі интерактивті сабақ өткізу, түсіндірме роликтерін, мультфилмідерді көрсету және басқаларды жүргізу арқылы кіші жастан қалыптасады. Өрт сөндіруші кәсібін дәріптеу өрт сөндіру бөлімдерін және мұражайларды аралау арқылы насихатталады.

Өрттер құрылымында оның басым бөлігі тұрғын үй секторы үлесіне және автокөлік құралдарына тиюде.Ал, үшінші орында сауда объектілеріндегі өрттер тұр.

Жалпы, жүргізілген профилактикалық және бақылау іс шаралары нәтижесінде 2015 жылдан бастап бақылаудағы объектілерде өрт саны орта есеппен алғанда 50 % төмендеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.