Таразда «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті

0 21

Бүгін қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жазғы еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ағымдағы жылы республикалық трансферт және облыстық бюджет есебінен Тараз қаласы мен аудандарда «Жасыл ел» еңбек жасағындағы 1300 жасты уақытша еңбекпен қамтуға 48,0 млн. теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ, Тараз қаласы мен аудандардағы құрылыс нысандарында 253 жас маусымдық еңбекке тартылды.

Осы күнге дейін студенттік құрылыс жасақтарына өңір жастары жұмыспен қамтылып, облыста бой көтерген мектеп, аурухана мен бала бақшалардың және әлеуметтік нысандардың құрылысына атсалысты.

Ал, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ықпалымен облыс жастары айналаны көгалдандыруға, қала, аудан, ауыл маңдарын, көшелерін тазартуға, спорттық кешендерді қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға жұмылдырылды.

Шара барысында еңбек маусымында ерекше белсенділік танытқан жастарға «Үздік жасақ», «Үздік сарбаз», «Үздік командир» номинациялары бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.